Теннис
1 мин оқу 220
Дэвис кубогі: Қазақстанмен матчта Чили құрамасы алға шықты
<p style="text-align: justify;">Ла-Серена қаласында Дэвис кубогі аясында Қазақстан – Чили іріктеу матчы жалғасып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚТФ-ға сілтеме жасап.</p>
Екінші күні кортқа бірінші болып жұптық сында Андрей Голубев пен Александр Недовесов Алехандро Табило – Томас Барриоспен шықты.
Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте чилилік жұп брейк жасады. Содан кейін доп беру кезінде олар өз мүмкіндіктерін жіберген жоқ. Есеп – 6:4. Екінші сетте есеп 5:5 болғанда, корт иелері тағы брейк жасады. Сосын матчты жеңіспен түйіндеді. Есеп – 7:5.
Осылайша, Чили Қазақстанмен матчта 2:1 есебімен алға шықты.
Бөлісу:
