Театр
2 мин оқу 532

«Супер әжелер» театрға барды

<p style="text-align: justify;">Демалыс күндері &laquo;Астана Опера&raquo; сахнасында Гала-балет кеші зор табыспен өтті. Мәдени кештің негізгі қонақтары &ndash; &laquo;Супер әже&raquo; әлеуметтік жобасының қатысушылары әрі ұйым&shy;дастырушылары. Әжелерді &laquo;Астана Опера&raquo; балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асыл&shy;мұ&shy;ратова жасаған мазмұнды концерт бағдарламасы, сондай-ақ елордалық балет труппасы әртістерінің техни&shy;калық және әртістік шеберлігі таңғалдырды.</p>

«Супер әжелер» театрға барды

– Бізді «Астана Операға» шақырғандарына, 2018 жылдан бері жалғасып келе жат­қан жобамызға қызығу­шы­лық танытқандары үшін теат­р басшылығына ризашылы­ғы­­мызды білдіреміз. «Супер әже» жобасы әжелерді белсенді әлеуметтік ортаға тарту бойынша өзіндік тәжірибе, зейнетке шыққаннан кейінгі өмірге бейімделу сынағы іспетті. Бү­гінде әжелердің үйде отыруы міндетті емес, олар өз да­­­рын­­-

дарын паш етіп, сахнада өнер көрсете алады. Біздің жо­ба-байқауымыздың мақ­са­ты – отбасының рөлін ны­ғай­­­тып, оның әлеуметтік-мә­дени қо­ғам­дық кеңістіктегі дәре­жесін көтеру, ескі тап­тау­­рын­дарды жойып, адам­дарға өмір­дің 60-тан кейін де жар­­қын бола алатынын және әр алуан сезімдер сыйлайтынын көр­сету, – дейді жоба ұйым­дас­ты­рушысы Ва­лентина Тол­мачева.

Өз кезегінде «Астана Опера» директорының орынбасары Айжан Құрманғалиева барлық буынға еліміздің қоғамдық және мәдени өміріне белсенді ара­ласуға мүмкіндік беретін мұндай бастамаларға қолдау көрсету театр үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Жобаның ұр­пақтар арасындағы байла­нысты нығайтуға, біздің ұлт­тық колоритімізді сақтауға және өскелең ұрпақты салт-дәс­­­­түрмен таныстыруға бағыт­­­тал­ғаны керемет», деді дирек­тордың орынбасары.

«Супер әже» жоба-бай­қа­уының авторы Валентина Тол­мачевамен бірге бұл жобада Әлия Райымбердиева мен Назкен Жирентаева да жұмыс істейді. Жоба-байқау Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Мәдениет пен өнер са­ласындағы тәуелсіз сарапшы­лардан құрылған қазылар алқасына қатысушы әжелердің өнерін 10 балдық жүйе бойын­ша бағалауға тура келеді. Бай­қаудың үш айналымын­да үміткерлер бірнеше ке­зең­­нен өтуі керек, мәселен, «Сү­йікті әже» атты таныстыру кезеңінде қатысушының отбасы мүшелері (балалары, немерелері) өз отбасы мен отбасылық дәстүрлері, өз әжесі туралы, оның немен әуес­тенетіні туралы бей­не­та­ныс­тырылымда айтып беруге тиіс. Қатысушылар «Дә­мі тіл үйіреді» кезеңінде өзде­рі­нің аспаздық дарындарын паш етеді. Ал «Дарындар сың­ғырында» (шығармашылық са­йыс) өз өнерін ортаға са­лып, «Бал орын алсын» қо­рытынды кезеңінде сәнді көйлектермен жасанған әжелер сән үлгісін көрсетеді. Ең көп ұпай жинаған қатысушы байқау жеңімпазы атанып, оған «Супер әже- 2023» атағы беріледі.

Бөлісу:
«Супер әжелер» театрға барды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар