Әлем
1 мин оқу 531
Түркияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
<p style="text-align: justify;">Түркия елі жер сілкінісіне байланысты аза тұту күнін жариялады. Ол 12 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Айта кетейік, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Каһраманмараш провинциясының Пазарджык ауданындағы провинцияда магнитудасы 7,4 баллдық жер сілкінісі болды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырған еді.
Соңғы ақпарат бойынша, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен кем дегенде 3,5 мың адам қайтыс болды.
Бөлісу: