Түркия билігінің мәліметінше, 2900-ден астам адам қаза тапқан. 15 мыңнан астам адам жарақат алды. Мыңдаған адамдар үйінділердің астында қалды. Аязды ауа райы күрделі жағдайды одан әрі нашарлатып отыр.
Сирия билігі хабарлағандай, кем дегенде 1400 адам қайтыс болды. Зардап шеккендер туралы деректер әлі хабарланған жоқ.
Түркия мен Сириядағы ірі жер сілкіністері 6 ақпан күні таңертең болған. Магнитудасы 7,8 баллды құрады. Қос ел тұрғындары кем дегенде тағы 10 жер сілкінісін сезген.