Әлем
1 мин оқу 632

Түркияның орталығында жаңа жер сілкінісі тіркелді

<p style="text-align: justify;">Түркияда жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтына сілтеме жасап.</p>

Мәліметтерге сәйкес, Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша 09.13-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Гелбашы ауданынан бес шақырым жерде орналасқан. 

Еске салайық, дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен. Ең күшті жер сілкінісінің магнитудасы 7-ден жоғары болды. Табиғи апаттардың салдарынан Түркияда көптеген ғимараттар қирады.

Түркия елдің оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар үшін жеті күндік жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Елдегі және көршілес Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 4 мыңнан асты.

Бөлісу: