Жарнама
 
Қоғам
1 мин оқу 265

Қостанайда пиязды заңсыз әкетпек болғандар анықталды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпы салмағы 160 тонна пиязды экспорттауға жасалған 8 әрекетті тоқтатты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Пиязды экспорттауға тыйым салынғанына қарамастан, Ресей Федерациясына пиязды экспорттау әрекеттері жалғасып жатыр.

«Осылайша, Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қайрақ» бақылау-өткізу бекетінде жалпы салмағы 160 тонна пиязды экспорттауға жасалған 8 әрекеттің жолын кесті. Қолда бар жедел ақпаратқа сәйкес, жабық өнімдерді пайдалана отырып, пиязды экспорттауға әрекет жасалып жатыр, осыған байланысты тыйым салынған тауарлардың, сондай-ақ уақытша тыйымдар мен шектеулер белгіленген тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттау/импорттауды бақылау, күшейтілген режимге ауыстырылды», деді министрлік.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығымен республика аумағынан пиязды 3 ай мерзімінде әкетуге тыйым салынғанын еске салды. 

Батыс Қазақстан облысындағы шекара бекетінен Түркістан облысына пияз тиелген 20-дан астам көлік қайтарылды.

Бөлісу:
Жарнама