Әлем
1 мин оқу 392

Израильде жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Израильде 7 ақпан күні сағат 23:17-де (Астана уақыты бойынша 8 ақпан, &nbsp;03:17) магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жерасты дүмпулері Иерусалимде және басқа да көптеген қалада, соның ішінде Гуш Данда сезілген. 

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ. 

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Шхемнен 13 шақырым жерде, ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. 

Израиль геология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,5, эпицентрі Ариэль қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан.

Бөлісу: