Ауа райы
1 мин оқу 301

Алдағы күндері күн суытады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, елдің басым бөлігінде қатты жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«9 ақпанда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі, ал 10 ақпанда қатты қар жауады. Сондай-ақ аталған өңірлерде көктайғақ болады деп болжанып отыр», делінген хабарламада.

Сондай-ақ республика бойынша тұман, төмен қарлы боран және желдің күшеюі күтіледі.

«11 ақпанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын біртіндеп тоқтайды, десе де түнде ауа температурасы -8-21 градус аязға дейін төмендейді», делінген мамандардың болжамында.

Бөлісу:
Алдағы күндері күн суытады · Egemen Qazaqstan