Еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады
<p style="text-align: justify;">Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.
ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:
- Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.
- Термос, қол шамы, пауэрбанк.
- Балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).
- Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа киімдер.

Қаржылай көмек келесі реквизиттер арқылы қабылданады:
Заңды тұлғалар үшін:
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ
БСН 120940015916
БИК: HSBKKZKX
Р/С: KZ23601A871001005521
Жеке тұлғалар үшін:
Kaspi.kz қосымшасында - Төлемдер - Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.
Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505 кеңсе.

