Марапат
1 мин оқу 381

Күміс жүлдегерге – грант

<p style="text-align: justify;">М.Х.Дулати атындағы Та&shy;раз өңірлік универ&shy;си&shy;те&shy;тінің ректоры Мұхтар Бай&shy;&shy;жұманов Дүниежүзілік қысқы Универсиадада шорт-тректен командалық эс&shy;тафетада күміс жүлде ие&shy;ленген Малика Ермекке оқу орнының білім грантын тап&shy;сырды.</p>

Күміс жүлдегерге – грант

Жаһандық додада ел құра­масы сапында Малика Ер­мектен бөлек, Яна Хан, Али­на Әжіғалиева, Әлішер Әбіл­қа­тимов және Еркебұлан Ша­мұ­ханов бақ сынаған болатын. Ай­тулы аламанда ұлт­тық құ­ра­маның саңлақтары Фран­ция спортшыларына ғана есе жі­беріп, күміс жүлдемен күп­телген еді.

– Алғаш рет коньки тепкен кезде тіпті кішкентай болатынмын. Сондықтан бұл спортты өзім таңдадым деп айта ал­май­мын. Әкем дәл осы спорт тү­рімен шұғылданғанымды қа­лап, мұз айдынына ертіп әкелген еді. Сол үшін де әкеме деген ризашылығым шексіз. Ол кі­сіге ылғи да алғысымды ай­тып жүремін. Болашақта қыс­қы Олим­­пия ойындарында жүл­де­герлердің қатарынан көрін­сек деген тәтті арман бар, – дейді спортшы.

ТАРАЗ 

Бөлісу:
Күміс жүлдегерге – грант · Egemen Qazaqstan