Қоғам
1 мин оқу 360

Ақмолалық құтқарушылар Түркияға көмекке аттанды

<p style="text-align: justify;">Кеше 18 ақмолалық құтқарушы Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға аттанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар барлық қажетті құралдармен және керек-жарақтармен жабдықталған. Өңір ТЖД бастығы атап өткендей, басты міндет – үйінділер астында зардап шеккендерді іздеу және басқа да авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.

«Сіздерді бауырлас халыққа барынша көмек көрсетуге аттандырамыз. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймын. Ең бастысы өздеріңізге сақ болыңыздар. Ақ жол, сапарларыңыз оң болсын және аман-есен оралыңыздар», деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Бөлісу: