Қоғам
1 мин оқу 470

Астанада қоғамдық көліктер жаңартылады

<p style="text-align: justify;">Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың автобус паркі жаңартылатынын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Биыл біз автобус паркін 25%-ға жаңартуды жоспарлап отырмыз. Алғашқы автобустар жазда келеді. Жаңа автобустар келген бойда біз қосымша бағыттарды іске қосу мүмкіндігін қарастырамыз. Биыл қалаға орта есеппен 300-ден 500-ге дейін жаңа автобус сатып алмақпыз. Бұл бүгінгі күннің 25-30 пайызын құрайды», деді Жеңіс Қасымбек Байқоңыр өңірінің тұрғындарымен кездесуінде.

Айта кетейік, биыл елордада 8 жаңа қалалық маршрут пен қала маңында жүретін 24 маршрут пайда болады.

Бөлісу:
Астанада қоғамдық көліктер жаңартылады · Egemen Qazaqstan