Аймақтар
1 мин оқу 470
Ақтауда ұрлық жасаған бала күтуші ұсталды
<p style="text-align: justify;">Ақтауда пәтерінің кілтін бала күтушісіне сеніп тапсырған үй иесі құнды дүниелерінен айырылып қалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Үй иесі өз арызында 2022 жылдың 5 желтоқсаны мен 5 қаңтар аралығында белгісіз тұлға оның үйінен алтын сырға мен білезіктер, сондай-ақ 2 800 АҚШ доллары мен 140 мың теңге қаржысын қолды еткені туралы жазған.
Осыдан кейін криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы әйелді анықтап, ұстаған.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Ақтау қаласы ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Бөлісу:
