Жарнама
 
Теннис
1 мин оқу 276

Жартылай финалға шыға алмады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Бірік&shy;кен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қа&shy;ласында өткен &laquo;WTA 500&raquo; турнирінің ширек финалында жеңіліп қалды.</p>

Жартылай финалға шыға алмады

Осы жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген жерлесіміз Абу-Дабидегі доданы екінші айналымнан бастады. Бұл кезеңде Елена кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазіргі уақытта 20-орында тұрған чехиялық Каролина Плишковамен шеберлік байқасты. Екі сетке жалғасқан матчта Ры­бакина 6:4, 6:2 есебімен еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Елена турнирдің жартылай финалына шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы бра­зилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасып, өкінішке қарай, үш сетке жалғасқан мачта қарсыласына жол берді. Бірінші сетті Рыбакина 6:3 есебімен өз пайдасына жазғанымен, кейінгі екі сетте бразилиялық теннисшінің мерейі үстем болды – 6:3, 6:2.

Беатрис Хаддад Майя турнирдің екінші айналымында тағы бір Қазақстан теннисшісі Юлия Путинцевамен кездесіп, оны үш сеттің қорытындысы бойынша жеңіп кеткен болатын – 6:4, 6:7 (5:7), 7:6 (7:4).

Бөлісу:
Жартылай финалға шыға алмады · Egemen Qazaqstan