Спорт
1 мин оқу 275
Елордада велошабандоздар арасында чемпионат басталды
<p style="text-align: justify;">Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлағандай, бүгін жастар мен жасөспірімдер арасында велоспорттан Мэдисон жарысы бойынша Қазақстан Ашық чемпионаты басталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.</p>
Аталған бәсекеде скретч жарысынан да Қазақстан Республикасының кубогы сарапқа салынады.
Айтулы бәсекеде 60-қа жуық спортшы қатысады. Олардың 17-сі Астана қаласының велошабандоздары. 16 ақпанға дейін жалғасатын чемпионат «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.
Еске сала кетейік, 10-12 ақпан күндері елордада элиталық санаттағы спортшылар спринт омниумынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен еді.
Бөлісу:
