Теннис
1 мин оқу 234

Жарыстан шығып қалды

<p style="text-align: justify;">Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Нидерландтың Роттердам қала&shy;сында басталған ATP 500 турни&shy;рінен шығып қалды.</p>

Жарыстан шығып қалды

Жерлесіміз алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» санатындағы үш бірдей жарыстың (Australian Open – 2014, Roland Garros – 2015 және US Open – 2016) жеңімпазы, жұптық сындағы Бейжің Олимпиадасының чемпионы швейцариялық Стэн Вавринкамен ше­берлік байқасып, екі сетке жалғасқан бә­секеде – 6:7(5:7), 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Ал Франциядағы «Челленджер» жарысы­ның іріктеу сайыстарына қатысқан жерле­сіміз, әлемнің 307-ракеткасы Денис Евсеев бірінші айналымда франциялық Константин Биттунды 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңсе, финалда тағы бір Қазақстан теннисшісі Бейбіт Жұқаевты (312) үш сетте ұтты – 6:7 (4:7), 7:6 (8:6), 6:4.

Бөлісу:
Жарыстан шығып қалды · Egemen Qazaqstan