Қаржы
1 мин оқу 290

Доллар арзандап, теңге нығайды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">KASE Қазақстан қор биржасы<span class="Apple-converted-space">&nbsp; </span>15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,29 теңгені құрап, бірден 3,48 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 65,60 теңгені (-0,64) құрады.

Еуро және рубль бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын – 485,41 теңгеге, рубльді - 6,11 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 447-451 теңгеден, еуроны – 479-484 теңгеден, ресей рублін – 5,9-6,15 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 15 ақпандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Мәселен, ICE Futures-тегі Brent сәуір фьючерстерінің құны 1,20%-ға, барреліне 84,55 долларға дейін төмендеді.

NYMEX электронды сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстері наурыз айына 1,34%-ға, барреліне 78 долларға дейін арзандады.

Бөлісу:
Доллар арзандап, теңге нығайды · Egemen Qazaqstan