Ауа райы
1 мин оқу 391

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райына кең ауқымды антициклон әсер етеді. Батыстан шығысқа ауысатын циклон ықпалында тек батыс облыстар ғана болады. Фронт әсерінен республиканың кейбір облыстарында қар жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

«16-18 ақпанда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман түсуі мүмкін. Солтүстік жартысында республикада кей жерлерде жел күшейіп, боран соғады», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? · Egemen Qazaqstan