Аймақтар
1 мин оқу 482

Қызылорда облысының тұрғынынан 26 ақбөкен ұшасы тәркіленді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Арал аудандық полиция бөлімі мен &laquo;Охотзоопром&raquo; РМҚК бірлескен жедел-іздестіру жұмыстары барысында ауданның 37 жастағы тұрғынының үйінің ауласында 26 ақбөкен ұшасы тәркіленді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК 339-бабының 2-бөлігі бойынша «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз қарым-қатынас жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау туралы мәселе шешілуде. Сараптама тағайындалды», делінген Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қызылорда облысының тұрғынынан 26 ақбөкен ұшасы тәркіленді · Egemen Qazaqstan