Сайлау
1 мин оқу 1,050

Алдағы сайлауға түсетін ең жас кандидаттың жасы нешеде?

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауына түскен үміткерлердің арасында егде жастағылар да, жастар да бар екенін атап өтті. Ең жас үміткердің жасы - 20-да, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, барлығы заң талаптарына сәйкес.

Мәжіліске 7 саяси партияның партиялық тізімдері бойынша 281 кандидат, бір мандатты округтер бойынша мәжіліске 435 кандидат тіркелді. Бұл - орташа есеппен 15 адамнан тұратын бір мандаттық бәсекелестік.

Мәслихаттарға 118 партиялық тізім бойынша 1447 кандидат, бір мандатты аумақтық округтер бойынша – 10 288 кандидат тіркелді. Олар 3081 мандат үшін күреседі, орташа бәсекелестік - бір мандатқа 3-тен астам үміткер. ОСК және аумақтық сайлау комиссияларында барлығы 12 451 кандидат тіркелген.

Мәжіліс 98 депутаттан тұрады, оның 29-ы бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланады.

Бөлісу:
Алдағы сайлауға түсетін ең жас кандидаттың жасы нешеде? · Egemen Qazaqstan