Аймақтар
1 мин оқу 260

Павлодарда төрт бала газдан уланып қалды

<p style="text-align: justify;">Павлодарда пештегі ақаудың салдарынан төрт бала газға уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дәрігерлердің айтуынша, қоңырау 19 ақпан күні сағат 08.54-те түскен. Жеке үйде 15, 11, 5 және 2 жастағы төрт бала көмірқышқыл газынан уланып қалған.

«Олардың барлығы орта деңгейде улану диагнозымен облыстық балалар ауруханасының соматикалық бөліміне жатқызылды», деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасынан.

Дәрігерлер балалардың жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілгенін, оның қасында көмірқышқыл газынан зардап шеккен 32 жастағы анасы да барын айтты. 

Бөлісу:
Павлодарда төрт бала газдан уланып қалды · Egemen Qazaqstan