Қоғам
1 мин оқу 361

Көне монеталарды заңсыз әкетпек болғандар ұсталды

<p style="text-align: justify;">Кедендік бақылау барысында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің &laquo;Жетісу&raquo; кеден бекетінің лауазымды тұлғалары Алматы қаласының әуежайындағы халықаралық пошта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына көне монеталарды заңсыз әкетуге жол бермеген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Қаржы министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Көне монеталарды заңсыз әкетпек болғандар ұсталды

Құжаттарға арналған қаптама қапшығының қабырғаларында монеталарды жасыру фактісін кеден қызметкерлері қондырғының рентгенографиясын пайдалана отырып, сканерлеу барысында анықтады.

Табылған монеталар V-XIII ғасырлар аралығында Орта Азия аумағында монета әдісімен жасалған және тарихи құндылыққа ие.

.

Тек 2022 жылы Алматы қаласының әуежайында айналымға тыйым салынған тауарларды, оның ішінде есірткі және психотроптық заттарды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді кедендік шекара арқылы өткізудің ондаған жағдайлары тоқтатылған.

Бөлісу:
Көне монеталарды заңсыз әкетпек болғандар ұсталды · Egemen Qazaqstan