Спорт
1 мин оқу 430

«Бұрқасын-2023» фестивалі

<p style="text-align: justify;">Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен елордада дәстүрлі &laquo;Бұрқасын-2023&raquo; қысқы фестивалі өтті.</p>

«Бұрқасын-2023» фестивалі

Іс-шараның ашылу салтанатына Мәде­ниет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев пен Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас­шысы Самат Жылқыбаев қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

чс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында бар­лық жас санаттары арасында бұ­қаралық спорт түрлерін насихаттау қажет­тігін айта келіп: «Оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалып­тас­тырамыз» деген болатын. Бүгінгі таңда осы бағытта атқарылған жұмыс­тар аз емес. Біз сөз етіп отырған жарыс та осы орай­дағы іс-шаралардың бірі.

в

Биыл жиырма үшінші мәрте ұйым­дастырылып отырған қысқы спорт фес­тиваліне 1800 қатысушы тіркелген-ді. Фестивальге қатысушылар 10 спорт түрі бойынша сынға түсті. Олар: шаңғы жарысы, гір көтеру, армрестлинг, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, қар ату, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.

Спорттық іс-шара Астана қаласының тұрғындары мен жастары арасында бұ­қаралық спортты дамыту, саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында өт­кізілді.

Бөлісу:
«Бұрқасын-2023» фестивалі · Egemen Qazaqstan