Жарнама
 
Елорда
1 мин оқу 270

Астанада қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай онкүндік өтті

<p style="text-align: justify;">Елордада Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі республикалық онкүндік өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің бапсасөз қызметіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/510045?lang=kk" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>

Ашық есік күні аясында Көпсалалы медициналық орталықта 100-ге жуық адам толық тексеруден өтті. Өйткені, бұл аурудың өршіген ауыр түрімен күресуден гөрі алдын алу жеңілірек.

«Қатерлі ісік түрлерін ісіктің орналасқан жеріне, оның мөлшеріне, пайда болу себептеріне және өзге де факторларға байланысты жіктеуге болады. Ағзадағы ісік процесінің дамуына дұрыс тамақтанбаудан бастап генетикалық тұқым қуалаушылыққа дейін әртүрлі себептер әсер етуі мүмкін. Қатерлі ісіктің барлық түрлері белгілі бір емдеу режімін қажет етеді, бұл қалыпты жағдайды сақтауға мүмкіндік береді», дейді онкүндік аясында қала тұрғындарына тексеру өткізген маман.

Бөлісу:
Астанада қатерлі ісікке қарсы күрес күніне орай онкүндік өтті · Egemen Qazaqstan