Оқиға
1 мин оқу 431

Басылым рухымен сырласу

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақтың тұңғыш кәсіби басылымы &laquo;Қазақ&raquo; газетінің 110 жыл&shy;дығына арналған тарихи-танымдық іс-шара өтті. Жинал&shy;ғандарға ең әуелі &laquo;Қазақ&raquo; газетін жарыққа шығар&shy;ған А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы бастаған қайрат&shy;кер&shy;леріміздің еңбегі туралы бейнесюжет көрсетілді. Содан кейін көпшілік Тәуелсіздік залында жасақталған &laquo;ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі тұрмыстық бұйымдар&raquo; атты көрмені тамашалады. Мұнда музей қызметкерлері ауыл-ауылдан жинақтаған, өткен ғасырдың басында ел тұтынған тұрмыстық бұйымдар қойылды.</p>

Басылым рухымен сырласу

Музей қызметкерлері мұ­ра­ғат деректері мен ақ­сақалдардан жиналған ауызша деректер не­гізінде «Қазақ» газетінің таралуына ықпал еткен ақтөбеліктер ту­ра­лы тың мәліметтерді ор­таға салды. Құнды дерек – сол заманда Орынбор, Қазан, Троицк, Санкт-Петербургте оқы­­ғандар, ауқаттылар мен бо­лыстардың газет тарату мен бас­пахана шығын­дарына берген жәрдемі туралы да айтылып өтті. «Қа­зақ» газетінің 110 жыл­ды­ғына арналған іс-шараны өт­кізуге мектеп оқушылары да ат­­салысты. Ақтөбе қала­сындағы Ұ.Құлымбетов атын­дағы №64 ор­та мектеп пен М.Арын атын­дағы Қарғалы ор­та мек­тебінің оқу­шылары әзір­­леген «Қазақ» газеті – 1918 жыл» атты сахналық көрініс өте әсерлі шықты.

Ұлттың жоғын жоқтаған басылым Орынбор қаласында жа­рық көріп, ел ішіндегі тілектес-ниеттес азаматтардың кө­мегімен қазақ да­ласының түк­пір-түкпіріне кі­діріссіз тарады. ХХ ғасырдың ал­ғашқы онжылдығында Ақтөбе қаласы мен Орынбордың арасына отарба жүре бастағанда, ба­сылымның алғашқы сандары ниеттес жандардың көмегімен елге жететін. Бұл туралы Қазақ­стан­ның Құрметті журналисі Идош Асқар, өлкетанушы Бек­арыстан Мырзабай, тарих ғылым­дарының докторы, профессор Ұзақбай Исмағұлов, облыстық мұрағаттың жетек­ші ғылыми қыз­меткері Думан Сар­баев, философия ғылым­дарының кандидаты Үмбетхан Сәрсембин, қалалық жас туристер стансасының қо­сымша білім беру педагогі Диляра Ыс­қақ сөз сөйлеп, тарихы та­­ғылым­ды «Қазақ» газетінің елі­міз­­дің баспасөз саласында алар орны ерекше екенін айтып, ша­­раны ұйымдастырушыларға ал­ғыстарын білдірді.

Ақтөбе облысы 

Бөлісу: