Хоккей
1 мин оқу 231
Бүгін «Барыс» сырт алаңда «Сібірмен» ойнайды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Новосібірде Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті маусымының матчы өтеді. Онда «Сібір» өз алаңында «Барысты» қабылдайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Sports.kz хабарлағандай «Сібір-Барыс» кездесуінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 18:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.
66 ойыннан кейін «Барыстың» 61 ұпайы, ал «Сібірдің» 65 ойыннан кейін 81 ұпайы бар.
Соңғы тұрақты матчта «Барыс» сырт алаңда Омскінің «Авангард» клубынан ұтылды (3:4), ал «Сібір» «Салават Юлаевты» жеңді (2:1).
Бөлісу:

