Аймақтар
1 мин оқу 423

Өскеменде сотталған адам колониядан қашып кетті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №16 мекемесінен сотталған адам қашып кеткен.&nbsp;ҚР ІІМ баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ер адам қарақшылық жасағаны үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі) бас бостандығынан айырылғаны атап өтілді.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Қашып кеткен адам бір сағат ішінде ұсталды», делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің егжей-тегжейлері мен өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 426-бабы «Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бөлісу:
Өскеменде сотталған адам колониядан қашып кетті · Egemen Qazaqstan