Оқиға
1 мин оқу 410
Павлодар облысында жол апатынан екі адам жарақат алды
<p style="text-align: justify;">Кеше Павлодар-Қызылорда автожолының 135 шақырымында Lexus 470 автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, кедергіге соғылған. Салдарынан көлік жол жиегіндегі ойға аударылып кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Жүргізуші мен 23 жастағы жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған.
«Автокөлік арнайы айып тұрағына жеткізілді. Сараптама тағайындалды, тексеру жүріп жатыр», деп жазылған Рolisia.kz таратқан мәліметте.
Бөлісу:
