Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 540

Шымбұлақ-Эдельвейс тасжолы жабылды

<p style="text-align: justify;">Ауа райының қолайсыздығына байланысты Аюсай шатқалынан жоғары қарайғы жол учаскесі мен Шымбұлақ-Эдельвейс тасжолы жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«25 ақпанда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің алаптарында айтарлықтай жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жай-күйіне байланысты Аюсай шатқалынан жоғары жол учаскесі жабылып, Шымбұлақ-Эдельвейс тасжолы бойына блок бекеттер қойылды», делінген Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Департамент мәліметінше, аталған орында полиция департаментінің 2 экипажы кезекшілікке қойылған.
Бөлісу: