Спорт
1 мин оқу 430

Оразбек Асылқұлов «Странджа-2023» турнирінде жекпе-жек өткізеді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан халықаралық &laquo;Странджа-2023&raquo; турнирінде Қазақстан спортшысы Оразбек Асылқұлов финалдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;prosports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Халықаралық турнирде 57 келі салмақта сынға түсіп жатқан ол Болгария құрамасының намысын қорғайтын, кубалық Хавьер Ибаньеспен қолғап түйістіреді.

Аталған жекпе-жек елорда уақытымен 21:00-де басталатын кешкі сессияда өткізіледі.

Бұған дейін Оразбек Асылқұлов ирландиялық Джуд Галлахер, бразилиялық Луис Оливейра, өзбекстандық Абдумалик Халоков және армениялық Артур Базеянды орта жолда қалдырып кетті.

Бөлісу:
Оразбек Асылқұлов «Странджа-2023» турнирінде жекпе-жек өткізеді · Egemen Qazaqstan