Алматы облысындағы тасжолда жаппай жол апаты болды
<p style="text-align: justify;">Алматы – Қорғас бағытында жүк тиеген көліктер жаппай апатқа ұшырады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алматы облысының полицейлері жол апаты 26 ақпан күні сағат 11:00-де Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 42-шақырымында болғанын хабарлады.
MAN жүк көлігі DAF автотасығышына соғылған. Ол соққы инерциясынан Mercedes-Benz автотасымалдаушысымен соқтығысқан.
Қозғалысын жалғастырған MAN жүк көлігі бүйіріне аударылып қалды. Апат салдарынан автокөлік тасымалдаушының тасымалданған жүктері (автомобиль түріндегі) зақымданған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі «Адамдардың денсаулығына, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдалуына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
