Ертең АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді
<p style="text-align: justify;">28 ақпанда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Мемлекеттік хатшыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды. Сондай-ақ Энтони Блинкен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөз жүргізеді.
Сол күні Астанада Э.Блинкеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының «С5+1» форматындағы министрлік кездесуі өтеді.
«С5+1» министрлік кездесуінде Орталық Азия елдерінің АҚШ-пен экономика, энергетика және қоршаған орта саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту, сондай-ақ терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Бүгінде «С5+1» тетігі өзін Орталық Азияның көпжоспарлы дамуын қамтамасыз ету ісінде өңірлік ынтымақтастыққа ықпал ететін тиімді дипломатиялық платформа ретінде көрсетті.

