Спорт
1 мин оқу 286

Қазақстандық параатлет Дубайда жеңіске жетті

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Руфат Хабибуллин F-64 сыныбында найза лақтыруда 41,83 м нәтиже көрсетіп, алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Екінші орынды 40,93 м нәтиже көрсеткен камерундық спортшы иеленді, ал үшінші орынға 32,71 м нәтиже көрсеткен Маврикий спортшысы тұрақтады.

Бұған дейін Қазақстаннан келген спортшы Дастан Мұқашбеков жарыстың күміс жүлдегері атанған еді.

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы Дубайда 26 ақпаннан 1 наурызға дейін өтеді. Жарысқа әлемнің 61 елінен 545 спортшы қатысып жатыр.

Бөлісу:
Қазақстандық параатлет Дубайда жеңіске жетті · Egemen Qazaqstan