Партия
2 мин оқу 256

Жаңа жұмыс орындары ашылады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Amanat&raquo; партиясының партиялық тізімі бойынша Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Сергей Вишняк, Күлпаршын Айдарханова, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Әсел Сарманова және Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ғалымжан Елеуов &laquo;Глобал&raquo; ЖШС ұжымымен кездесті.</p>

Жаңа жұмыс орындары ашылады

Кәсіпорын жұмысшылары алдында пар­тия­ның сайлауалды бағдарламасы туралы әңгі­ме­ле­ген Сергей Вишняк жаңа жұмыс орындарын ашу үшін партия қандай шараларды қолға алаты­нына тоқ­талды.

Тұрақты жұмыс орындарын құру – пар­тия­ның басым бағыты. Әр адам өз отбасын асы­рау үшін лайықты табыс табуы керек. Осы мақсатта партия жұмысшылардың еңбек жағ­дайын жақсарту және жұмыс орындарын құру үшін жыл сайын кемінде 300 кәсіпкерлік субъек­тісіне қаржылай қолдау көрсетуге ықпал етеді. Жыл сайын кемінде 22 мың адамды бос жұмысқа орналастыруға жәрдемдесеміз. Сонымен қатар 3,5 мың жұмыссыз адамды кәсіптік оқытудан өткіземіз, – деді кандидат.

Қабылданған шаралар орташа жалақыны 264,2 мың теңгеден 320 мың теңгеге дейін арт­ты­руға мүмкіндік береді. Жұмыспен қамту мүм­­кіндіктерін арттыру арқылы 105 мың жаңа жұ­мыс орны құрылады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 100 мыңға, ал онда жұ­мыспен қамтылғандар саны 192 мың адамға дейін артады.

Күлпаршын Айдарханова сайлауалды бағ­дар­ламада жастардың мүмкіндігін кеңейтуге кө­мектесетін шаралар бар екенін айтты.

– Партия жастарды жұмыспен қамту және оларды баспанамен қамту мәселесін көтереді. Жыл сайын кемінде 8 мың жасты жұмысқа орналастыруға көмектесеміз. «Жасыл ел» жобасы аясында жастарды уақытша жұмыспен қамту шаралары қолға алынады. Жыл сайын 1 500-ге жуық жас азамат жобаға қатыса алады, – деді ол.

Кездесу барысында сайлаушылар үміт­кер­лер­ге өз сауалдарын қойды. Жалпы, партияның сай­лауалды бағдарламасын әзірлеу кезінде ха­лықтың 200 мыңнан астам ұсыныс-пікірі ескерілген. Бұған дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында 55 заң жобасына бастамашылық еткенін атап өткен жөн.

Бөлісу:
Жаңа жұмыс орындары ашылады · Egemen Qazaqstan