Әлем
1 мин оқу 300
Түркияда жер сілкінісінен кейін 188 мердігер қамауға алынды
<p style="text-align: justify;">Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін 188 құрылыс компаниясының басшылары мен мердігерлері қамауға алынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Түркия билігі 11 провинцияда жер сілкінісінен қираған ғимараттарға тексеру жұмыстарын жүргізіп, 696 күдіктіні анықтады. Соның нәтижесінде 188 адам қамауға алынды.
Сондай-ақ жер сілкінісі болған аймақтарда ұрлық жасады деген күдікпен 306 адам ұсталды.
Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның бірнеше провинциясында 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Қаза тапқандар саны 42 мыңнан асты. Бұл жер сілкінісінен Сирия да қатты зардап шекті.
Бөлісу:
