Аймақтар
1 мин оқу 460
Төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді
<p style="text-align: justify;">Ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Көлік қозғалысы барлық көлік түрлері үшін жабық:
- Абай облысы, Алматы-Өскемен трассасы, Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейінгі учаске.
- Ақмола облысының 2 учаскесі: Щучинск-Зеренді трассасы, Щучинск қаласынан Зеренді ауылына дейінгі учаске; Екатеринбург-Алматы тас жолы, Атбасар қаласынан Қажымұқан кентіне дейінгі учаске.
- Шығыс Қазақстан облысы, Алматы-Өскемен трассасы, Абад облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне бұрылуға дейінгі учаске.
- Қарағанды облысы, Екатеринбург-Алматы тас жолы, Жұмабек ауылынан Балқашқа дейінгі учаске.
Бөлісу:
