Теннис
1 мин оқу 320

Анна Данилина Астанадағы жарыстың жартылай финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour &laquo;BeeTV 40 Women's&raquo; турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Данилина Беларусь өкілі Ирина Шимановичпен бірге ширек финалда Тайланд өкілдері Луксика Кумхум - Пеангтарн Плипукты 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық-белоруссиялық жұп финалға шығу үшін нидерландылықтар Ясмин Гимбрере - Бибиана Схоофспен таласады.

Гөзал Айнитдинова жарыс жолынан шығып қалды. Ол жекелей сында әлемнің 170-ракеткасы, франциялық Хлоэ Пакеге жол берді - 6:7 (3:7), 0:6. Жұптық сында ресейлік Екатерина Маклаковамен бірге ресейліктер Виктория Дьяченко - Анастасия Тихоновадан ұтылды - 6:7 (5:7), 3:6.

Жібек Құламбаева Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге тартысты матчта доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань - Су Джон Чанға есе жіберді - 3:6, 6:4, 3:10.

Бөлісу:
Анна Данилина Астанадағы жарыстың жартылай финалына шықты · Egemen Qazaqstan