Елордада 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды
<p style="text-align: justify;">Астанада 76 құрылыс нысанында ереже бұзылғандықтан жұмыс тоқтатылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> елорда әкімдігінің <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/516156?lang=kk">сайтына</a> сілтеме жасап.</p>

Қазіргі уақытта рұқсат құжаттарынсыз құрылысы жүріп жатқан 76 нысан анықталғаны айтылды.
«Олардың қатарында: «Mars Project» ЖШС, «Aiz Kurylys» ЖШС, «Русалдинг Line»ЖШС, «Билдинг компани» ЖШС, «Expert Consulting Agency Kazakhstan» ЖШС, «Тауекел Инжиниринг» ЖШС, «Global Millennium»ЖШС, «Handan-Astana» ЖШС, «Oreol-Group» және т.б.
Рұқсат құжаттарынсыз құрылыс жүргізетін субъектілердің бәріне жұмысын тоқтату туралы нұсқама беріледі. Сондай-ақ тиісті жер құқығынсыз құрылысы жүріп жатқан 20 нысан (76 нысанның ішінде) бойынша сот органдарына демонтаждау бойынша талап арыздар беріледі», делінген хабарламада.
