Бүгін - Қырғызстанда Мемлекеттік Ту күні
<p style="text-align: justify;">Бүгін Қырғызстан Республикасында Мемлекеттік Ту күні аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан халқын мерекемен құттықтап, ынтымағы жарасқан халқына бейбітшілік, бақ-береке, ашық аспан, жарқын болашақ тіледі.
Мемлекеттік Ту 1992 жылы 3 наурызда Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бекітілді. Мереке Қырғызстан Республикасы президентінің 2009 жылғы 10 маусымдағы «Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы» Жарлығымен белгіленіп, 2010 жылдың 3 наурызынан бастап жыл сайын тойланып келеді.
Оның авторлары Қырғызстанның белгілі сәулетшілері мен суретшілері Еділ Айдарбеков, Бекбосын Жайчыбеков, Сабыр Иптаров, Жүсіп Матаев және Маматбек Сыдықов.
