Грекия Премьер-министрі халықтан кешірім сұрады
<p style="text-align: justify;">Грекия Премьер-министрі пойыз апатынан қаза тапқандардың туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Таяуда Грекияда екі пойыз бір жолға түсіп кетіп, апат болған еді. 1 наурызға қараған түні жолаушылар мен жүк пойызының соқтығысуы салдарынан 57 адам қаза тапты. Елде осы оқиғаға байланысты наразылықтар басталды.
Грекияның Премьер-министрі Кириакос Мицотакис апаттан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарынан кешірім сұрады.
«Қарама-қарсы бағыттағы екі пойыз бір жолда болмауы керек еді. Бұл қателікті ешкім байқамаған», деп жазды Премьер-министр Фейсбуктегі парақшасында.
Жексенбі күні мыңдаған наразылық білдіруші Афина көшелеріне шықты. Наразылық білдірушілер апат құрбандарын еске алу үшін аспанға шарлар ұшырды.
