Спорт
1 мин оқу 262

Анна Данилина Астанада өткен турнирдің жеңімпазы атанды

<p style="text-align: justify;">Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында ITF World Tennis Tour&nbsp;BeeTV 40 Women's сериясы турнирінің жұптық разрядта ойыны аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Финалда жарыстың кіл мықты бірінші және екінші дуэті бас қосты. Қазақстандық Анна Данилина мен Ирина Шиманович (Беларусь) үш сетте тамаша матч көрсете алды. Олар Оңтүстік Кореядан келген На Лэ Хан/Су Джон Чанды 6:4, 6:7 (8:10), 10:7 жеңді.

«Драма элементтерімен қиюласқан  қиын матч болды. Бірақ егер финалда драма шым-шытырық болмағанда, оны көру қызықты болмас еді. Мен бұған дейін осы жұпқа қарсы ойнаған едім, онда да финалда шешуші тай-брейкте  жеңіске жеткенбіз. Мен олардың жақсы деңгейде ойнайтынын және қиын матч болатынын білдім, соңына дейін күресу керек екенін ұғындым. Әрине, мен сабырлы түрде жеңгім келді, супер тай-брейкке жеткізгім келмеді. Сондықтан соңғы нәтиже біздің пайдамызға шешілгеніне өте қуаныштымын. Үйде ойнау әрқашан жағымды, әсіресе Астанада екінші рет жеңіске жеткенім тіпті керемет», деді А. Данилина.

Бөлісу:
Анна Данилина Астанада өткен турнирдің жеңімпазы атанды · Egemen Qazaqstan