Жібек Құламбаева Астанадағы жарыстың ширек финалына шықты
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Астанада өтіп жатқан «ITF World Tennis Tour BeeTV 60 Women's» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚТФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Жібек Құламбаева Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге жарыстың екінші ракеткалары болып тіркелген беларусьтік Ирина Шиманович - ресейлік Екатерина Яшиналармен шеберлік байқасты.
Жібек пен Мартина 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Олар жартылай финалға шығу үшін нидерландылықтар Жасмин Гимбрере - Бибиана Схуфспен таласады.
Гөзал Айнитдинова мен ресейлік Татьяна Прозорова доданың төртінші ракеткалары Моюке Учиджиме - Вонг Хонг Юға жол берді - 2:6, 6:7 (2:7).
Болашағынан мол үміт күттіретін Асылжан Арыстанбекова мен Айя Нұпбай ресейліктер Екатерина Макарова - Анастасия Захаровадан ұтылды. Есеп - 2:6, 3:6.
