Ауа райы
1 мин оқу 450
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">9, 10 және 11 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бейсенбі, жұма және сенбі күндері бірқатар өңірде екпінді жел мен көктайғақ құбылыстарымен бірге қар, қар аралас жауын-шашын болады.
9 наурызда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
«Алдағы үш күнде республика бойынша тұман күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде температуралық фонның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді, тек республиканың солтүстік, орталық, шығыс облыстарында түнде ауа температурасы 5-18 градус аязға дейін төмендейді», делінген хабарламада.
Бөлісу:
