Аймақтар
1 мин оқу 270

Павлодар облысындағы дауылдан 10-нан аса ғимаратқа зақым келген

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысында болған дауылдан 4 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры тұтастай ұшып кеткен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодар облысында соққан дауыл бірнеше ғимаратқа зақым келтірген. Қатты жел жағажайдағы сахнаның желкенді жамылғысын жыртып, темір тұғырын майыстырған. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы таратты.

Табиғаттың тосын мінезінен облыс аумағында 10-нан аса ғимаратқа зақым келді. Олардың басым бөлігі - мемлекеттік мекемелер.

Ал жарықсыз қалған Май және Аққулы аудандарындағы 20-дан аса елдімекенге электр энергиясы тек кешке ғана қосылды. Дауыл салдарынан келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. 

Бөлісу:
Павлодар облысындағы дауылдан 10-нан аса ғимаратқа зақым келген · Egemen Qazaqstan