Өнер
1 мин оқу 480

Хор ұжымы – Кореяда

<p style="text-align: justify;">Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармония&shy;сының Қазақ камералық хор ұжымы Кореяның бірнеше қаласында өнер көрсетті.</p>

Хор ұжымы – Кореяда

Қазақстан өнеріне еңбек сіңір­ген қайраткер Дүйсен Қасе­йіновтің авторлық жобасы – «Бар байлығым – достарым» фес­тивалі аясында облыстық фи­лар­мония ұжымы әуелі Пусан қала­сында «Достық» концер­тін бер­ді. Пусан көрермен­дері қазақ­тың ұлттық аспаптары сүйе­мелдеуімен орындаған корей әндерін жылы қабылда­ды. Содан кейін Д.Қасейінов­пен бірге филар­мония әртіс­­тері Чеджу аралында өткен VІІ халықаралық ән фестиваліне қатысты. Әлем ел­дерінің 20-дан астам хор ұжы­мы қатысқан «NOVA VIA» ән фес­тивалінде Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармония өнер­паздары қазақтың халық әнде­рін және корей халқының «Ари­ранг» әнін орындады.

Шетел сапарынан шабытпен оралған ақтөбелік әртістер ха­лықаралық гастрольдерді әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр. Бүгінде филармония ұжы­мына АҚШ, Индонезия, Филип­пин елдерінен кон­церт­тік бағдарламамен өнер көр­сетуге шақырту келді. Филар­монияның көркемдік жетекшісі Мирбол Құспановтың айтуын­ша, хор ұжымының шетелдік ән фести­вальдерінде жиі өнер көрсетуі әншілердің кәсіби біліктілігін арттырып, шығармашылық ізде­ніске жол ашады.

Ақтөбе облысы 

Бөлісу:
Хор ұжымы – Кореяда · Egemen Qazaqstan