Еңбек
1 мин оқу 333

Ақжайықтың жылыжайы

<p style="text-align: justify;">Махамбет ауданында Ақжайық аталатын ауылдық округ бар. Жайық өзенінің жағасындағы ауыл тұрғындары негізінен төрт түлік өсіріп, егін егеді. Былтыр мұнда жылыжай кешенінің құрылысы басталған еді.</p>

Ақжайықтың жылыжайы

Жаңа жылыжайдың аумағы – 4 гектар. «Жұмағалиева Н.М» шаруа қожалығы іске асырған жобаның жалпы құны 3 млрд теңгеден астам қаржыны құрайды. Жақында үш блоктан тұратын жылыжай кешенінің бірінші кезеңі іске қосылды. Жылыжайдан жылына 1 600 тонна өнім жиналады.

«Атырау облысында бұрын-соңды болмаған жылыжай кешені ашылды. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шағын және орта бизнесті қолдау туралы тапсырмасы аясында қолға алынған еді. Ең басты мақсат – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету», дейді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Шаруа қожалығы жетекшісінің айтуынша, жылыжай кешенінде 60-тан астам адам жұмыс істейді. Оның 40-тан астамы – жергілікті тұр­ғын­дар. Олар жылыжайдан жылына 900 тонна қызанақ, 700 тонна қияр жинауды көздеп отыр. Өнімнің екеуі де голландиялық сорттан өсіріледі. Мәселен, қызанақтың «Merlice» деп аталатын түрі тәулігіне 6 тонна, қияр­дың «Golden» сорты тәулігіне 7 тонна өнім береді екен. Тоғыз айда әр өскін­нен тәулігіне 18 кило өнім алуға болады.

Жыл бойы көкөніс өсірілетін жылыжай кешенінің жұмысы толық автомат­тандырылған. Мұнда тамшыла­тып суару әдісі қолданылады. Тіпті аталған әдіс арқылы тыңайтқыш ері­тінді түрінде беріледі. Енді шаруа қожа­лығының жетекшісі жылыжай кешенінің аумағын 16 гектарға ұлғай­тып, үй жануарларын, құс пен балық түрлерін өсіруді жоспарлап отыр.

Атырау облысы 

Бөлісу: