Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жоғары қысым алқабымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауады. 16 наурызда күндіз Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында, 17-18 наурызда тәулік бойы еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман болжанады. Температуралық фонға келетін болсақ, айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0-8 аязға, күндіз 0-7 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі мүмкін.
