Спорт
1 мин оқу 230

Жеребе тартылды

<p style="text-align: justify;">Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәте&shy;рінде футзалдан әлем чемпионатына жолдама беретін іріктеу турнирі негізгі кезеңінің жеребесі тартылды.</p>

Жеребе тартылды

Осы күнге дейін Еуропа құрлығы бойын­ша әлемдік доп додасына қатысатын 16 команда анықталып қойған еді. Олар – Әзер­байжан, Армения, Грузия, Испания, Ита­лия, Қазақстан, Польша, Португалия, Румы­ния, Сербия, Словакия, Словения, Украи­на, Финляндия, Франция және Хорватия құрамалары. Аталған елдер өкілдерінің бар­лығы да іріктеу турнирінде табысты өнер көрсетіп, кіл мықтылар бас қосатын бәсекеде бақ сынауға лайық екендерін дәлелдеді.

10-19 сәуір аралығында Бельгия мен Мажарстан, Нидерланд пен Молдова, Швеция мен Германия, Чехия мен Литва футзалшылары күш сынасады. Осы жұптардың жеңімпаздары жоғарыдағы 16 команданың қатарына қосылады.

Бөлісу:
Жеребе тартылды · Egemen Qazaqstan