Әлем
1 мин оқу 264

Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Кеше Эквадор жағалауында 6,9 балдық жер сілкінісі болды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жер сілкінісі 10 шақырымнан аса тереңдікте болған. Дүмпулер Гуаякильден, Мачаладан және көршілес Перуден алыс жерлерде сезілді. Эквадор геофизикалық институты 44 шақырым тереңдікте 6,5 балдық жер сілкінісінің магнитудасын анықтады.

Гуаякильде бірнеше аудан жарықсыз қалған. Соңғы мәліметтер бойынша, зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 13-ке жеткен. Он шақты ғимарат қираған. 126 адам зардап шеккен.

Бөлісу:
Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты · Egemen Qazaqstan