Жас теннисшілер Үндістанда топ жарды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның жас теннисшілері Үндістанның Дехрадун қаласында өтіп жатқан жарыстарда керемет нәтижеге қол жеткізді, спортшылар екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Қыздар арасында жекелей сында жартылай финал қазақстандық спортшылардың арасында өтті. Олардың біріншісінде Аружан Нұранбай Альбина Какеновадан жеңілсе, басқа матчта Анастасия Крымкова Арианна Гогулинаны жеңді. Чемпион атағы үшін жекпе-жекте Какенова Крымковадан 6:1, 6:4 есебімен озды.
Бас жүлде үшін шешуші матчта Анастасия Крымкова мен Сатима Төрегеннің дуэті өз жерлестері Гогулина мен Какенованы 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Бір апта бұрын Гургаон корттарында ITF Juniors World Tennis турнирінде 14 жасар Арианна Гогулина чемпион атанған еді.
